Discover millions of ebooks, audiobooks, and so much more with a free trial

Only $11.99/month after trial. Cancel anytime.

Терезенің жарығы
Терезенің жарығы
Терезенің жарығы
Ebook813 pages5 hours

Терезенің жарығы

Rating: 5 out of 5 stars

5/5

()

Read preview

About this ebook

Уақыт сынынан өткен жазушы әңгімелерінің бір шоғыры қолыңызда. Терең пайым, құнарлы тіл арқылы қазақы болмыстың әр қиырынан «сәуле түсіріп» – ұлтымыздың өзгеден бөлекше мінез-құпиясын ашады. Дүние тіршілігінің адам көкірегіндегі көркем шындығын іздейді. Мінез табиғатының жүрек бүлкіліндегі – сағыныш, мұң, уайым, өкініш, жабығу һәм ширығу секілді жан толғанысының түп-тамырын ашуымен қызықты. Автор дүниені суретпен көреді, көркем бояумен береді.

LanguageEnglish
PublisherN&N DIGITAL
Release dateMar 8, 2011
ISBN9781458144652
Терезенің жарығы
Author

Дүкенбай Досжан

«Оқырманы қисапсыз жазушы» деген айдардың Қазақстандық кітаптары қатарында Д. Досжанның «Терезенің жарығы» атты таңдамалы әңгімелер жинағы пайда болды.Дүкенбай Досжан Мемлекеттік сыйлықтың (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987), Түркістан қаласының, әрі бірнеше ауданның Құрметті азаматы, Құрмет, Парасат ордендерінің иегері.Алғашқы әңгімесі 15 жасында жарық көрген. Жарты ғасырлық шығармашылық ізденістен 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгіме туғызды.«Зауал» («Трудный шаг») романы үшін 1974 жылы «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, «Жібек жолы» («Шелковый путь») романы үшін 1988 жылы «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын иеленді.Дүкенбайдың төлбасы шығармалары – «Отырар», «Фараби» атты тарихи хикаяттар. Университет қабырғасынан шығар-шықпаста жазды, оқырман қауымды «қазақ та қала салған, қаласында дегдар даңғылдар болған екен-ау» дегізіп елең еткізді. Ең әуелі жас жазушының сол дәуірдің қалыбын, бояуын тап басып тани білгені; бағзылардың реніш-қуанышын нанымды суреттегені; сөз саптауын, сөйлеу ырғағын, тіршілік базарын айнадан көріп тұрғандай құп елестеткені; кейіпкердің мінез-құбылысын «құйып келтіргені» сүйсінтті. Кейіпкерінің тынысымен тыныстап, жүрек бүлкілін тамыршыдай тап басып танығаны ерекше еді.Дүкенбай Досжан дүниені суретпен, ешкімге ұқсамайтын бояу-белгімен көреді, көркем сөзбен сурет салады. Мистика сарынына жиі жүгінеді, ой ағынымен жазады, кейіпкердің жан әлемін сөйлетуге машық.Жазушы қаламынан туған кейіпкерлер: Қыдырма, Шортанбай, Ошақбай, Асанәлі, Тойболды, Яғымус, Оразалы – осы сөзіміздің дәлелі. Мәңгі ұйқыда жатқан бабалардың ауыр мұңын жан дүниесімен сезіну... ет жүрегімен езілу... фәнилік пен бақилықтың шекарасына терең толғанып «көз жіберу...» – қасиетті көркем сөз қонған қаламгерге, ілкі сөз иелерінен қалған көне жұрнаққа ғана тән мінез екеніне көз жеткіземіз!Сөз – сиқыр. Сөйлеу – өнер. Жазушылық – ұлы уәйім, шер тарқату. Сол уәйім, сол шер жазушының жүрегінен тепсініп шыққан тас кәусардай көп әңгімеден көрініс табады.Уақыт сынынан өткен жазушы әңгімелерінің бір шоғыры қолыңызда. Терең пайым, құнарлы тіл арқылы қазақы болмыстың әр қиырынан «сәуле түсіріп» – ұлтымыздың өзгеден бөлекше мінез-құпиясын ашады. Дүние тіршілігінің адам көкірегіндегі көркем шындығын іздейді. Мінез табиғатының жүрек бүлкіліндегі – сағыныш, мұң, уайым, өкініш, жабығу һәм ширығу секілді жан толғанысының түп-тамырын ашуымен қызықты. Автор дүниені суретпен көреді, көркем бояумен береді.Шығармалары әлемнің негізгі тілдеріне аударылып, 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан.

Related to Терезенің жарығы

Related ebooks

Romance For You

View More

Related articles

Reviews for Терезенің жарығы

Rating: 5 out of 5 stars
5/5

1 rating1 review

What did you think?

Tap to rate

Review must be at least 10 words

  • Rating: 5 out of 5 stars
    5/5
    класс

Book preview

Терезенің жарығы - Дүкенбай Досжан

Терезенің жарығы

Дүкенбай Досжан

Published by Dukenbai Doszhan at Smashwords

Copyright © 2011

Smashwords Edition, License Notes

All rights reserved. No part of this publication may be reproduced, stored in a retrieval system, or transmitted in any form or by any means, electronic, mechanical, photocopying, recording or otherwise, without the prior permission of the copyright owner.

Астана,

«Фолиант» баспасы, 2009 жыл

Таңдамалы әңгімелер

МАЗМҰНЫ

Ә. Кекілбайұлы. Жақсылық диқаншысы

Жақсы кітап қалай жазылады

Қымыз

Ергежейлі

Шипалы су

Құланшыда қалған із

Шортанбай

Көкпар

Арыстанды-Қарабастың желі

Ажалмен беттесу

Терезенің жарығы

Жігіттің бір жұрты

Өрік

Келіншек асу

Жылы жауын

Қызылқұмның желі не деп жылайды?

Құмда қалған кемелер

Пайғамбар

Нәресте

Мағжанды өлтіргендер

Жарық көрген кітаптардың қысқаша библиографиясы

Жақсылық диқаншысы

Адам естелікпен өмір сүреді. Ескеріле жүрсек деп ұмтылады.

Өткен ғасырдың 60 жылдар басында қаздай тізіліп Алматыға келіп, біріміз – ғалым, біріміз – атақты жазушы боламыз деп, арманның биік асуына баспалдақ қойған кезде ұшырасқан, шүйіркелескен, кейінше арамыздан қыл өтпестей боп достасып кеткен; Әуезовтің сөзімен айтсақ: «Толыспаған толстойлар мен шала шекспирлердің» бірі – осы Дүкенбай Досжан еді. Ол кездегі Алматы қандай?! Нөсерден соңғы саябақтай! Таудан төңкеріліп жеткен бұлт саусақ сұққандай қалың сорасын төгіп өткенде шаңы жуылып шуақтанған үйлер... тастан-тасқа секірген арық сылдыры мен бетінің сүт шұқыры ойылған қыз күлкісі еш айырғысыз... тістеген кезде әппақ сүті шыққан апорт алма... «Ә, бала, келіп қалдың ба?» – деп сәлемімізді жылы қабылдайтын әдебиет ақсақалдарының көбінің көзі тірі ол кезде – балағымен шаң сыпырып, етек-жеңі шұбалған костюмнен шіби қоразға ұқсап мойны қылқиып жеткен біздерді – нақа бір құда баласын көргендей – жылы ұшырап қауқылдасатын. Сол корифейлердің қолына су құйып, батасын алғанға мәзбіз. Басқан жері ойылып түсердей болып жүретін сол ағалар қайтіп қана жер қойнына сыйып жатыр десеңші!

Кісі топырағына тарта туады. Базбір кісіні есіңе алсаң – сол адамның өскен, өркен жайған туған жері мөлдірегеннен мөлдіреп көз алдыңа келе қалады. Енді, керісінше, әлгі жерлерді есіңе алып елестетсең-ақ – сағымның арасынан шыққандай болып сол өлкенің азаматы ойыңа орала кетеді. Мұндайда жер мен азаматты бөліп қарастыру қиын. «Туған жерден кіндігі үзілмеген» деген осыдан шыққан болар. Дүкенбайдың туған жері – ұзын аққан Сырдария мен жаралы жолбарыстай көлденең сұлаған бүкіс белді Қаратау арасы. Шыжыған күннің астындағы ұлан-асыр жусанды жазық. Жаңақорған жері. Сағымданған даңғайыр далада киіздей қалың жусан, тау іші ат тұяғын жемірген жоңқа тас; мұнда бірбеткей ұйымшыл, жанпида сірі, тастай төзімді малшы, диқан қауымы тіршілік етеді. Қыр беткейге керіз қазып, кетпенмен су жетелеп, сөлі сорғалаған өрік, інжір, шабдалы, қауын, қарбыз егеді, терін емеді.

«Жазмыштың жазуы» естелігінде жазушы балалық шағын төмендегіше тербейді: «...Шешемнің айтуынша, үш-төрт жасқа дейін тілім шықпапты. Өзіммен айналысатын адам болмаған. Әке – колхоз төрағасы – ылғи ат үстінде, шеше – қасына әйелдерді алып, қырдағы егінші, ойдағы шөпшіге білегінен шелегі түспей, жүз қаралы бие сауып етегіне сүрініп жүргені. Ертеңгісін киіз үй іргесіне тулақ төсеп, мені сол тулаққа отырғызып кетеді. Қолыма екі тас береді. Екі тас – ойыншық. Бірін-біріне ұрыстырып отырып, шекені шаққан күнге қалғып-мүлгіп құлап қалады екенмін. Күн еңкейе үлкендер келіп ішке кіргізіп қояды... Ертеңгісін тамақ беріп, кешегідей қолыма екі тас ұстатып, сыртқа шығарып кетеді...» (Д. Досжан. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 2007, 290-бет).

Бізді ең әуелі табыстырған әлгі айтқан жазушы ағаларымыз жүріп өткен – тауқыметі мол, бұрылысы мен бұралаңы жетерлік, асфальт жолға еш ұқсамайтын, бірде етекке құлдырайтын, келесіде қайқайып қырға биіктейтін шығармашылық жол еді. Сосынғы табыстырған – қиындығы мен қызығы қатар алмасып келіп жататын, тыныш жүрейін десең де тыныш жүргізбейтін, демалайын десең де демалғызбайтын, қамсыз, мұңсыз жүрейін десең де – еш мүмкіндік бермейтін шығарымпаздықтың сор азабы еді. Ұлы мәртебелі әдебиеттің сор азабын бастан өткере жүріп бір-бірімізді біле түстік, қуанышты, қайғыны қосыла бөлістік. Бір-бірімізді оқып, сынап, мінеп, көз ұшындағы көкжиекте бұлдырап көрінген шеберлік ауылына ат басын бұрдық.

Дүкенбайдың төлбасы шығармалары – «Отырар», «Фараби» атты тарихи хикаяттар. Университет қабырғасынан шығар-шықпаста жазды, оқырман қауымды «қазақ та қала салған, қаласында дегдар даңғылдар болған екен-ау» дегізіп елең еткізді. Ең әуелі жас жазушының сол дәуірдің қалыбын, бояуын тап басып тани білгені; бағзылардың реніш-қуанышын нанымды суреттегені; сөз саптауын, сөйлеу ырғағын, тіршілік базарын айнадан көріп тұрғандай құп елестеткені; кейіпкердің мінез-құбылысын «құйып келтіргені» сүйсінтті. Кейіпкерінің тынысымен тыныстап, жүрек бүлкілін тамыршыдай тап басып танығаны ерекше еді. Ат үстінде ойқастаған ожарды емес, кіндік жұртының уәйімін жеп, мұңын мұңдап, зарын шеккен перзенттерді елестеттік. Дүкенбайдың көркем кестесінде «Отырардағы» – Арыстан, «Фарабидегі» – Әбу-Насыр кәдуілгі жер басып, кеуде кере тыныстап жүрген, дәстүрлі дүниетанымы, кісілік ұстанымы қалыптасқан кейіпкер биігінде сомдалды. «Тарихи шығарма жазғанның жөні осылай» деп дереккөзге қол арта беру – жеткіліксіз еді. Бұған жарыса парасатты пайым, ұлттық ұстаным, түймедейден түйедей пәлсапа түйетін хаткерлік қажет еді. Хаткерлік сыннан автор қаламы төселген суреткердей сүрінбей өтті. Көкейге құп ұялаған, мөлдіретіп сурет салған көркемдігімен алды. Өрмегі қалың тіл қолданысымен баурады.

«Жібек жолы» романының алғашқы басылымына редактор болған Рамазан Тоқтаров қолжазбаны талқылау хаттамасында өз ойын төмендегіше өрбітіпті: «Бұл өзі бұрынғы «Фараби», «Отырар» повестеріне мүлде ұқсамайды, құрылымы бөтен, сөз саптауы сара, фабула – беломыртқасы Шыңғысхан жорығынан кейінгі Ұлы Жібек жолының тоқырауы, даңғылдан сүрлеуге айналуы, Ұлы Дала перзенттерінің алауыздық, бақталастық, жалғандықтан шілдің қиындай азып-тозуы пәлсапалық толғаммен көркемделеді. Отырардың жер асты құжырасында етек алған нашақорлық, жалақорлық, зинақорлық, бәлеқорлық Дешті-қыпшақ өркениетінің түбіне жеткенін көзбен сүзіп, көңілмен иланып жиренесіз...» Автор тарихи кейіпкерлерге қосымша, өз мақсұтын айқындай түсуге қиялдан алған он шақты кейіпкерді «іске қосып», түпқазық мұраты – зайырлы зиялылық, парасатты пайым туралы өрелі ой түйеді.

Қаламгер романды 27-28 жасында жазды. Алғаш «Жазушы» баспасынан 1973 жылы алпыс мың таралыммен орысшаға аударылып, 1983 жылы «Дружба народов» журналының қосымша жазылымы жүйесінде үш жүз мың данамен басылып шықты. Іле-шала шығарма неміс, мадияр, украин, монғол, түрік, пұштын тілдеріне аударылып, сол елдің өз баспаларынан жарық көрді. Роман туралы сол уақытта тәжік Зұлфықаров, түркімен Жұмагелдиев, қырғыз Қасымбеков, әзірбайжан Анар, армиян Грант Матевосян, молдаван Ион Друцэ, орыс Иван Уханов жылы лебіз жазды.

Көркем ойлайтынның сиясы майданда опат болған мың жауынгердің қанымен өлшенеді дейді көн кітапта.

Дүкенбай бір әңгімесінде жүректі құмыраға теңейді. Дүние тіршілігінде әлгі құмыраға қолға түскенді теріп сала береміз... Сала береміз... Бір белдің үстіне шығып, тыныс алғанда, әлгі құмыраны иықтан дүрс түсіріп, ой-хо-ой, дүние деген!.. Қазына көріп арқалап жүргеніміз не нәрсе деп... ішіне үңіліп қарасақ қой... зілдей ғып малданып арқалап жүргеніміз, әншейін, түкке алғысыз кәкір-шүкір болып шығады. Жүрек-құмыраға не болса соны жинай беруден сақтандырады жазушы.

Жүрегіне сөз қасиеті қонған, табиғатына тарта туған, «болсын» деген ілгергі тілеумен жүретін, баладай – аңқау, анадай – адал, ерекше дарын иесі – сөзден сөйлем, сөйлемнен – сурет көркемдеген жақсылықтың диқаншысы болып елестейді көзіме. Мұндай кісі зұлым болмайды, жаулық жасамайды. Жасайын десе де, қолынан келмейді. Жан әлемі шыны секілді – арғы-бергісі көрініп тұрады. Қызғаныш, аярлық, пасықтық сезімнен ада-күде, өз шайтанымен өзі өмір бойы алысып, жауласып өтуге бар. Үнемі басқыштап биіктеуге ұмтылады. Кемелденуден жалықпайды. Жазушы қаламынан туған кейіпкерлер: Қыдырма, Шортанбай, Ошақбай, Асанәлі, Тойболды, Яғымус, Оразалы – осы сөзіміздің дәлелі. Мәңгі ұйқыда жатқан бабалардың ауыр мұңын жан дүниесімен сезіну... ет жүрегімен езілу... фәнилік пен бақилықтың шекарасына терең толғанып «көз жіберу...» – қасиетті көркем сөз қонған қаламгерге, ілкі сөз иелерінен қалған көне жұрнаққа ғана тән мінез екеніне көз жеткіземіз!

Бұл күнде кітап теңіз. Шын жазушы мен жамаушыны айыра жүретін безбеннен айырылдық.

Сөз – сиқыр. Сөйлеу – өнер. Жазушылық – ұлы уәйім, шер тарқату. Сол уәйім, сол шер жазушының жүрегінен тепсініп шыққан тас кәусардай көп әңгімеден көрініс табады.

Баяғыда перғауындар бақилық болған перғауынның дереу кеудесін жарып, жүрегін алып тастап, орнына асыл тас салып балауыздайтын болған. Ондағысы, әлгі өлген перғауын Жаратқан иенің алдына барған кезде – сол перғауынның көзі тірісінде я біліп, я білмей істеген күнәсін жүрек шіркін Бас Иеге айтып қояды деп қорқады екен. Сол секілді Дүкенбай Досжан жүректің лепесін сияға малып жиырмаға жуық мөлдіреген хикаят жазды, кейіпкер жаратылысын жарқ еткізіп жүздің үстінде әңгіме туғызды. Бұлардың бәрін жіпке тізіп, ғылыми еңбек қорғап жатқан ғалымдар легі бір шоғыр.

Асылы, Дүкенбай қалай жазады?.. Қолтаңбасы несімен ерекше?..

«Өз басым көңілдегі күпті ойды қағазға түсірер кезде – әуелі сол нәрсені... сол ойды елестетіп алуға тырысамын. Елес – бірде алыстап, бірде бұлдыр тартып айқындала қоймайды. Бір сағат тапжылмайсың, екі сағат тапжылмайсың... ақырында әлгі елес сұлба-суретке айналады. Сұлба-сурет «тіріліп», өзге дүние ұмытылады. Енді инеге жіп сабақтағандай, қалам ұшына ойды сабақтап, қиялды үзіп алмай... сөзден – сөйлем, сөйлемнен – ой ағыны, ой ағынынан – сурет, суреттен – мінез, мінезден – болмыс... болмыстан – әрекет тәспідей тізіліп құйылып шыға береді» (Д. Досжан, сонда, 404-бет). Жазармандықты, жазғыштықты мұрат тұтып, сыңарезулеп тарта бермей, нағыз шығарымпаздық көркем сөз кестелеуді кәсіби деңгейге көтерген қарасөз тарланының бірі – Дүкенбай Досжан деп біліңіз.

Бағзы данагөйлер дүниеде өлмейтін үш нәрсе бар дейді. Бірі – халықпен мәңгі жасасып келе жатқан қадым тіл, екіншісі – ұрпақ жалғастығы, үшіншісі – кісіге жасаған жақсылық. Өңгесі көкжиектегі иретілген неғайбіл сағым. Академик Маррдың айтуынша: «Тіліне қарап халқын ал». Дәлірек айтсақ: тілі құнарлы, морфологиялық қолданысы, синтаксистік сұлулығы келіскен тіл мәңгілік. Осы мәңгіліктің бірі – қазақ тілі болса – сол тілдің мәйегін тел еміп – ұлт мінезінің лүпілдей соққан жүрек соғысын қағазға түсіруден опалы не бар дейсіз?!

Дүкенбайда бәрімізден ерекше бір қағаз бар. Ол – Республикалық кітап палатасының «Ең көп оқылатын жазушы» деген куәлігі. Сол қағазды былайғы жұрттың жарқыраған ордені, медалінен биік қойып, тозығы жетіп жыртылғанша қалтасынан тастамай, басына жастап кәделеп жүргені. «Бұл менің саусағымның сүйел болып, көз майымның сарқылып кітап жазғанымның қарымтасы ғой», – деп мақтанады кісіге.

Дүкенбайда бәрімізден ерекше бір мінез бар. Ол – күншуақта жалаңбас сағаттар бойы отырып ой кешуді ұнатады. Сол ойының ізін суытпай қағазға түсіргенше сырт дүниені мүлде есінен шығарады. Жанпида сірілігі – баяғы, бала кезгі, күншуақта, кең дүниені көзіне сыйғызып күнұзақ тапжылмай отырғанынан қалған өзгеше мінез. Жазушылықты, шығармашылықты базбіреулер бәйге жарысына теңеп жатады. Меніңше, Дүкенбай шығармашылығы бәйгеден гөрі, ат үстінде ойқастап қол төңкерген жорыққа келеді. Қалыбы бөтен, екпіні дүлей қол. Әр қырқаның басынан бұлт болып көтерілген шаңды, жер еңбегін тесіп жібергендей дүбірді сезсек – ол мына Дүкенбай Досжан бауырымыздың ұлы жосқыны деп танығанымыз жөн. Дүбірің басылмасын, жұлдызың жоғарылап жана берсін деп тілейік.

Әбіш Кекілбайұлы

Жақсы кітап қалай жазылады?

Бұл өзі ескі әңгіме болғанымен ойға азық ұлы тараудың басы.

Есте жоқ ескі мезгілде, Балқы жерінде Жалаледдин Руми есімді ақылгөй, әңгімешіл, бәйітшіл, қауырсын қаламы көптеген кітаптар туғызған білімпаз кісі өмір сүріпті. Әлгі кісі уақытының көбін қолжазбалар сақталған кітапханада өткізіп, түрлі хикаяттар жазыпты. Өзін-өзі пендешілік көп нәрседен тыйыпты. Сұқ саусағы сүйелденіп ертеден қара кешке дейін қағазға үңіледі. Кітапхана іші көбіне қаракөлеңке болып, көзі сіркеленіп жанарының нұры ерте қайта бастапты. Жылдар өте пендешілік нәпсіден бойын аулақ салып, беті жылтыр, бөксесі бұлтың ұрғашыға көңіл бөлуден мүлдем тыйылыпты. Байлық жинасам, жарқырап киім кисем, дәмді тамақ жесем, көңіл көтеретін шәрбат ішсем деген ойдан құлантаза арыла бастапты.

Әйтеуір аяғым жеткен жерге, өзімді білмейтін елге ойым, қиялым, дінім, дегенім жетсін деп ақ қағазға мөлдіретіп сөзден сурет салып, түрлі қызық әңгіме жаза беріпті, жаза беріпті.

Көркем сөзден кесте тоқу оңай ма?! Әрі-беріден жазғанда көз жанары қанталап, саусағы сүйелденіп, шеке тамыры лыпылдай соғып, талығып кетеді. Тамақ ішуді ұмытып, үңірейіп жүдейді. Көршілер: «Бүгін хан сарайында жарты әлемнен жиналған білімпаздар сайысы болады екен, әлгілердің әрбір сөзі інжу-маржан секілді, естіген де арманда, естімеген де арманда», – деп бар тәуірін иықтарына іліп кетіп бара жатады. Бұл көкең қоржын тамның түкпір бөлмесіне еніп алып, малдас құрып, кеудесінен келетін жозыға етпетінен сұлағандай болып, өзегі талғанша жазу жазып шұқшияды. Өзінен талай бұрын өткен небір ғажайып бәйітшілердің ұйқасын, ырғағын көлемді кітапқа арқау етіп сүйкектетіп отырғаны.

Алыс сапардан саудагер танысы оралыпты. Әлгінің әңгімесінің әрпі бөтен: «Ой, пәленше, қаракөлеңке үйде қағазға көміліп қалыпсың. Пәлен жерде алтын қақпалы хан сарайын тамашаладым, түген елде буыны сүйексіз жүз сұлудың биіне балқып, есімнен тандым», – деп төндіргенде бар ғой, мына пақыр Жалаледдиннің қызыққаннан көз алды жасаурап кетті.

Өзі құралпы тайдай туласып қатар өскен құрдасы үйінің тұсынан көлденеңдеп өтіп бара жатып соғыпты, әңгімесінің әрпі бөтен: «Ой, Жәке, бәйге атын жаратып, баптап, тазының баласындай етіп көрші түрікпендердің аламан бәйгесіне қосып едім, бес түйе бастатқан, қос құл жетелеген жүлдені жеңіп алдым, бір күнде байбатша болып шыға келдім», – деп даурыға мақтанып біраз уақытын бөлді. Үйді басына көтеріп домбыраға қосылып ән салды. Қазір барып базардан бағлан сатып әкелем, қос кәнизак қызмет жасап, көңілімізді табады, біреуі палау пісіреді, келесісі белі үзіле жаздап би билеп, көз алдыңда өнер көрсетеді деп... қараптан-қарап бұзылып, нәпсілік құлқы жеңіп барады ма. «Тіфә!.. тіфә!.. Беті аулақ кәпірдің, қыпша бел кәнизакқа аңсарым аумай, қара талқанға қақалып отырып кітап жазғаным опалы тірлік шығар» деп қиялын қайтара жинап алды. Ой түбінен ой терді.

Қонағын әзер деп қақпадан өткізіп шығарып салды. Үйіне қайтып келе салып қауырсын қаламын сияға малды. Ақ қағазға сөзін маржандай тізіп төгілдіріп отырған кезде есігін әлдекім тағы қақты.

Келіп тұрған медреседе бірге оқыған жолдасы екен. Кейінгі жылдары бұл жолдасы қасиетті Қағбаға барып, қажы аталып, басына дағарадай сәлде орап, машайық софы болып кетіпті деп естіген. Тәспісі шұбатылып үйге енді, төрге шығып малдас құрды. «Әрқалай іске талпын-талпын ба, нәтижесі не болары бәрі Алладан, бір Алланың әмірінен», – дейді ыңырси тіл қатып. Ақ құманды қайнатып, үстіне көк шай салып, кесеге құйып қонағына ұсынды. Машайық молда асықпай шайды мейізбен ішті. «Бір Аллаға құлшылық еткеннен басқаның бәрі өткінші, – дейді ыңырсып. Кітап жаз-жазба – бәрібір, миғұла кісіні жақсы сөзбен демдеп ақылды ете алмайсың». Тәспісін екі қайтара бармақпен теріп шықты. «Ал, жүремін, бір Алланың шапағаты арқасында бұйырған несібеңді теріп жеп жүр екенсің, іншалла, бағытың дұрыс, әйтсе де көп кітап жазамын деп көк ми болып – Жаратқан иені есіңнен шығарып жүрме», – деп құлқуалласын үш қайырып, үні құбылып аруақтарға бағыштап құран оқыды.

Сәлдесін қайыра төбесіне үйіп, кебісін киіп, тәспісін тырсылдата теріп, қош айтысып шығып жөнелді. Машайықтың уағызы, сөзі кеудесін қысып жібергендей сезілді. Есік пен терезені қоса ашып үй ішін желдетіп алды. Малдас құрып, сілкініп, қалам мен қағазға қайыра үңілді, жақсы сөз бен көз майымды аямайын деп бекінді.

Осы оймен Жалаледдин кітап жазуға кірісіп кетті. Ертеңгілік сәрілік ас ішуді ұмытты. Жозы үстіндегі қағазға аш күзенше, сұрақ белгісінше бүгілді. Мезгілдің қалай сырғанап өткенін білмеді. Алыс-жақыннан мұның үйіне бас сұғып, сәлемдесіп: «Хал сұрасып шығайыншы», – деген ағайын кісілердің мына жазушының сөзден, бөтен әңгімеден саппа тыйылып, тұйықтанған мінезін, сұрын көріп, «о, тобалап» түңілді. Тезірек кетіп қалуға асықты.

Жалаледдин бір күні есік алдындағы дөңгелек шағын әуіз жиегіне текемет төсеп, жозысын құрып, бас көтермей жазуын жазып отырған. Ту сыртынан оқыс үн шығады. Бұрылып қараса, жұпыны киінген, сырықтай ұзын, қолында асатаяғы бар бір кісі келіп төніп тұр. Әлгінің жанарында алмас бар ма деп ойлады. Қараған кезде назары тұла бойыңды тінткілеп кетеді екен. Көктен аяғы салбырап түскендей бұл неғылған керемет деп аңқиған күйі отыра беріпті. Әлгі жанарының оты мол кісі кие сөйлеп, сауал тастады.

Неғып отырсың, мүсәпірім?

Мүсәпір емеспін, әйгілі жазушымын. Алыс-жақын осы жұрт есімімді түгел жатқа біледі. Алты жыл болды: былайғы өмір-өмірге жететін ғажайып кітап жазып жатырмын, мұнда ақылды сөз, әдемі нақышты саз, ырғағы мол бәйіт, әсерлі бояу түгел қамтылған.

Кәне, әкелші, оқып көрейін, – деп әлгі алмас жанарлы кісі қолын созды.

Бұл қарсылық білдірместен қолы қалтырап, қалың көн кітапты көтеріп әлгі әулиеге ұсына берді. Ішінен ойлаған: «мынаның пысы басқаны сонша – неге жөн сұрамастан, құлақ қақпастан айтқанын істеп отырғаным қай сасқаным? Мұндай да тосын әссер болады екен-ау, сірә!» Әлгі әулие кісі тікесінен тік тұрған қалпынша көн кітапты аударыстырып оқи бастады, бір мезетте қабағына бұлт түйілді. Басын шайқап, қолындағы кітапты тарс жауып әуіз ішіне лақтырып жіберді.

Жалаледдин шошып кетті. Суға батып бара жатқан кітабына тұра ұмтылды. «Алжығаннан, адасқаннан саумысың, әй! Кісінің алты жылғы еңбегін лақтыруға қандай хақың бар!» – деп әкеден сыпыра боқтап, ұрып жіберуге шақ қалды. Әлгі асалы, сақалды жалаң бас кісі таяғын көлденең көтеріп мұның кеудесіне тіреді. «Сабыр қыл, – деді, – кітабыңды қазір қайта алып беремін». Сөйтті де ұзын таяғын көстең еткізіп әуізге салып жіберіп, әлгі судағы кітапты іліп алып, шетке шығарды. Таяғының ұшымен Жалаледдинге ұсынды. Жалаледдин көн кітапты жалма-жан ала сап парақтап шықты, аударып қарады, құп-құрғақ. Судан шыққан кітапқа ұқсамайды.

Таң қалғаннан үні шықпай қалғаны. Бұл келіп тұрған кісі тегін адам болмағаны. Барша жан-тәнімен өлшеусіз сыйлауға мойынұсынды.

Кітабыңды суға лақтырғаным: ішінен өтірік сөздер көріп қалдым. Жазған нәрсем өмірлі мәңгілік болсын десең – жалған сөз қоспағаның ләзім, – дейді әулие сабырлы үнмен, – халық кітап сөзіне балаша иланады, әйтсе де жалған сөз жадынан тез шығады, шыншыл сөз кісінің есінде мәңгілік сақталады, жатталады. Осыны ұққаның жөн, пірәдарым.

Ендеше алты жыл бойына жазған осынша еңбегімді отқа жағамын да, қайта бастаймын. Жұқа болса – жұқа болсын, көріксіз болса – мейлі, әйтеуір басынан аяғына дейін шыншыл сөзбен жазылуына ден қоямын, ұстазым!

Әлгі әулие кісі сақалын салалап, басын оң иығына қондырып, батар күнге қарап ойланып біраз тұрды. Сосын қоңыраулы үнмен тілге келді.

Жақсы кітап жазу үшін шыншыл оқиға, ақиқатты ой, ғажайып сөз теру аз әлі, – дейді баяу үнмен.

Тағы не істейін, әулием?.. Бас ием!.. Пірге жығыл десең – жығылайын, құбылаға бас қой десең – бас қояйын, шылауыңа ілесейін, әйтеуір өлтірсең де жақсы кітап жазуды үйрет, әулием!

Ендеше соңыма ілес, – деді де әлгі ұзын кісі асатаяғын көстеңдетіп жүре берді.

Жалаледдин қауырсын қаламын, қағазын, сия сауытын жалма-жан қоржынның басына тоғытып әлгі кісінің соңына ілесті. Асыққаны сонша, есігін кілттеуге мұршасы болмады. Қақпасы ашық қалды.

Әулие артына бұрылып қарамаған күйі күн батқанша жүрді, үлкен тауды бетке алып ай жарығымен көп аяңдады. Түн ортасы ауа бір бұлақ басына кідірді, екеуі де үнсіз, әулие қоржынынан қатқан таба нан шығарып бір үзіп бұған берді. Тастай суға уыс толтырып шөлін қандырды.

Аз дамылдап, сирақ созып демалып алған соң, қайыра жолға шықты. Тауды бетке алып тіркесіп, жаяулатып көп жүрді. Оң иықтағы табақтай ай бозарып таң белгісі білінді, бозторғай шырылдады. Бұлар биік қыратқа көтерілген кезде ажары ашылып ағарып таң атты. Ылди бет алқап екен. Ақ шаңқан әдемі қала сұлбасы шалынды. Әулие қала жаққа қаратып таяғын көтерді.

– Қала жаңадан ояна бастады. Сен бар да шаһар ортасындағы үлкен дүкеннен арақ сатып алып кел. Өзім осы жерде күтіп отырамын.

Мына сөзді естіген Жалаледдин шошып кетті. Жауырын ортасынан суық тер құйылып, жанары жасаурады. Қапелімде үні көмескі естілді.

– Тақсыр, қаладағы жұрттың көбі өзімді біледі, біреуі кітабымды оқыған, келесісі мешітте, тойханада ұшырасқан, қалай олардың көзінше арам су – арақ сататын дүкенге кіремін, көрген жұрт «арамның жолына түскен екен» деп аузы-басы жыбырлап өсек өрбітпес пе! Ту сыртымнан топырақ шашып әйкәпір атандырмас па, ұстазым!

– Ендеше мен саған ұстаз бола алмаймын, – деп әулие теріс айналды.

Амал жоқ, қатал кісінің әмірін тыңдауға тура келді. «Мақұл» деп шапанын иығына іліп, құлдыраңдай жүгіріп ылди төмен қалаға беттеп жөнелді. Көшеге түсті. Жұрт ұйқысынан оянып, үйреншікті тіршілігіне бой салып, аяғына жел бітіп, бірі базарға, бірі саябаққа жөңкіле бастапты. Жалаледдин арақ сататын дүкеннің ту сыртына келіп, кіруге батпай, төңіректеп көп жүрді. Өз-өзінен кіріптар хал кешті.

Амалы таусылған соң, өтіп бара жатқан қызметшіні кідіртіп өтініш жасады. «Шырағым, мына күміс теңгені алып маған бір шөлмек арақ алып кеп берші», – дейді. Қызметші құп алған күйі алақанына салған күміс теңгеге заматында арақ алып келді. Жалаледдин әлгі кәпірдің асын шапанының шұбалған етегіне жасырып, қымтап алды. Аяғы аяғына жұқпай жылдамдата жіті аяңдап, манағы тау басына, әулие жатқан жерге ентігіп жетті-ау әйтеуір. Ұстазына шөлмекті ұсынды. Нақа бір жауды жапырып жеткен қолбасыға ұқсап шоқыланып сөйлейді.

– Сенен бұл арақты алмаймын, – дейді ұстазы қатуланып, – мені де, өзіңді де алдап тұрсың. Қалаға қайтып бар да, жаңасын сатып әкел.

Деді де, ұстазы ашудан түтігіп Жалаледдинге күміс ақша ұсынды.

Жалаледдин қарап жүріп кіріптар хал кешкен тағдырына, одан қалды өзінің кісіге сенгіш, кісінің көңілін жықпайтын ақкөңіл мінезіне налыды.

Өстіп алаөкпе болып жүргенім кімге қажет деп ойлайды. Мына ойда жоқта сап ете қалған ұзын қараның соңына ілесіп салпақтамай-ақ, өз үйім, өлең төсегімде көн кітабымды жазып, қарнымды тыр-тыр қасып жатқанымда ғой біреу келіп ұрар ма еді. Өз басыма өзім бейнет тілеп жүретін, құйысқанға қыстырылған тезек секілді тұзым жеңіл, бейнетім қалың сормаңдаймын.

Амал жоқ, ұнжырғасы түсіп, ілби басып манағы таныс қалаға қайыра енді. Дүкенді төңіректеп көп жүрді. Түске таман кісі аяғы сиреген кезде дүкенге лып еніп, жалма-жан арақ сатып алып, әлгіні қойнына сүңгітіп жіберіп, жедел сыртқа шықты. Біреу көріп қалмады ма деген сыңаймен маңайына жалтақтай қарап жөнеле бергені сол еді. Қарсы ұшырасқан бір кісі бажынап қоя берді. Соншалық үні жағымсыз болар ма?!

– Жалаледдин мырза, қойныңыздағы бұлтиған не нәрсе?

– Жәй, сірке суы ғой.

– Оны не істейсіз?

– Қамыр ашытқанға, залалды жәндікті улағанға... – деп тұтыға сөйлеп желімше жабысқан пәледен құтылғанша асықты. Алды-артына қарамай безді. Әлгі көзтаныс кісі көше бұрышында аңырайған күйінше қалып қойды. Қырқа басына ентігіп әзер жетті. Шөлмек ұстаған қолы дір-дір етіп кетеді. Ұстазының жүзі жылымапты.

– Әкелген арағыңды тасқа төгем, – деді ұстазы, – бұл жолы өзіңді де, жолай ұшырасып сұраған кісіні де алдадың. Үшінші рет бұйырамын. Мына күміс теңгені аласың да қалаға қайтып барасың, таныс дүкенге енесің, ішінен қызыл арақ сатып аласың. Сол қызыл арақты шапаныңа да жасырмайсың, қойныңа да тықпайсың, басыңдағы сәлденің ортасына қыстырып қоясың. Жолай бетіңе төгілсе – төгілер, мойныңа шашылса – шашылар, сәлде үстінде теңселдірген күйіңше әлгі қызыл арақты өзіме алып кеп бересің. Бар, әмірімді бұлжытпай орында!

– Тақсыр, осы әурешілік не үшін қажет? Абыройдан әбден айрылып біттім, өзіңіздің уақытыңыз еш болды, қанша күміс теңге текке құрыды. Осынша әурешілікке түскендегі түпкі нәтиже не болмақ?

Әулие кісінің қабағы жабылып, түнере түсті, үні жер астынан шыққандай бәсең естілді.

– Өлмейтін кітап жазғың келе ме?

– Иә, тақсыр, қайтсем тірі сөзім өлмесе екен деп өліп-өшіп жүргенім осы емес пе!

– Ендеше бар, әмірімді екі етпе!

Жалаледдин «жазған құлға дауа жоқ» деп, мойнын иығының ішіне тыға, аяңдап қайыра таныс қалаға жол алды.

«Өзіме де осы бейнет керек еді» деп іштей өзегі өртене өкінді. Бұл заманда не көп: қаңғыған машайық пен әулекі әулие көп. Қайсыбірінің айтқанын істеп ұшпаққа шығарымды құдайым білсін. Бәрі кеудесін қағады, бәрінің сәлдесі дағарадай. Жай халықты алдап: алдыңды болжаймын, артыңды қымтаймын, бәле-жаладан қорғаймын деп өтірік көлгірсіп, білгішсіп, білек сыбанып басыңды даң қылуға шебер. «Қожаға ерген тері арқалайды, төреге ерген ер арқалайды, әулиеге ерген ауа жайылып, әркімге күлкі болып қиялынан айрылады» деген сөз рас шығар. Болар іс болды, бояуы сіңді. Енді бұрылып, ақыл жинауға мұршасы жоқ, мойнын иығының екі ортасына тығып, томпаңдағаннан томпаңдап әлгі қызыл көз пәленің айтқан қызыл арағын алып кеп береді.

Жалаледдин бет алған бағытынан, бастаған ісінен еш айнымайтын қасарыспа бірбеткей мінез иесі еді. Таныс дүкенді төңіректеп, қызметші іздеп көп айналған жоқ, турадан-тура салып отырып жетіп барды. Дүкенші шал аңырайып қарайды. Бұл көкең бір уыс күміс теңгені әлгінің алақанына сылдыр еткізіп төге салды. Қарлығыңқы үнмен: «Әкел!» – деді. Дүкенші «Жарықтығым, нені сұрап тұрсың?» – деп дәнемені түсінбеді. Жалаледдин сұқ саусағын шошайтып: «Ананы әпер!» – деді. Дүкенші манағыдан бетер таңырқады: «Жарықтығым, жарқыным, қашаннан бері салынып ішіп жүрсің ібілістің асын?» – деп өзеуреді. Бұл түнерген күйінше тырс етіп үндемеді, дүкенші мына жазушының құйынның ішінен шыққандай әлем-жәлем түрінен шошынды, әпер дегенін әперді, есікке дейін елпек қағып шығарып салды.

Жалаледдин басынан сәлдесін сыпырып, әлгі қызыл арақты сәлдесінің ортасына қыстырып, жан-жағынан қолорамалмен бекітіп байлап тастады, басына қайта киді. Бұл жолы көше бойлап асықпай аяңдады. Біреулер соңынан аңырайып қарап қалыпты, келесі біреу басын келіше шайқап, соңынан сұқ саусағын шошайтады, қарқылдасып күлгендей болады. Шөлмек шайқалып қызыл арақ бетіне, желкесіне шашырайды. Беті моншақтап терлеп, көз алды бұлдыр тартады. Ой, пәле-ай! Көретін құқай жарық жалғанда таусылып бітпеді ғой. «Көресіңді көрмей – көрге кірмессің» деген бұрынғылардың сөзі рас болғаны ма сонда? Жердің жарығы болғанда, соған түсіп қана, жер астымен әлгі қызыл көз әулиеге арамның асын жеткізіп берер еді ғой. Жалпақ жұрт өсек отын өртше лаулатып әкетері анық енді.

«Несін айтасың, көп кітап жазып, жұртқа өнеге-өсиет үйреткен жазушы-екең ішіп кетіпті!»

«Көшеде, сәлдесіне арақ орап әндетіп жүретін әпендіге, әуейіге айналыпты».

«Бұтында лыпасы жоқ деседі, жел тұрғанда шапанының етегінен абыройы көрініпті».

«Сол да өнегелі кісімін деп кітап жазып, жер басып жүр-ау, оның жазғанын әжетханаға қыстырып қойған ләзім».

Осындай еттен өтіп, сүйекке жеткен удай ащы сөздер гу-гу етіп құлағына ызың-ызың естілердей.

Тау басына ілби басып, тірі рух болып әзер жетті. Сәлдесін шешіп, ортасына қыстырған арақты алды, тең жарымы шашылып-төгіліп, жібек матаға оңбай сіңіпті. Ұстазына ұсынды. Ұстазының назары өткір, тау басына шыққан кісідей бетіне қызыл бояу жұғып, мейманасы тасып, жанары жалт етіп, жасын ойнағандай. Рухы асқақтап, мүлде басқа, бөтен мінездің адамы болып көрінді. Өркештеніп отырып былай деді.

– Өзіңді өзің жеңе білдің! Бұдан былай жолың ашылады, бағытың түзеледі. Жүрегіңнің түбінде кір қалмаса ғана жүрек сөзін айта аласың.

Ұзамай күн батып, салбыраңқы кеш түседі. Тау ішін қарабарқын түн тұмшалайды. Алыс қиырдан табақтай қызыл ай туады. Қызыл айдың астында, төбе басында ұстаз бен шәкірт бір-біріне қарсыласып малдас құрып отырады. Ұстаз қоржынынан жарты таба нанын алып бір үзіп аузына салады, өңгесін: «Мә, күні бойы жүгіріп, әбден шаршадың, жеп тауыс», – деп Жалаледдинге ұсынады. Нан жеп болған соң құтысынан су құйып береді. Манағы қиямет қиындықпен алып келген қызыл арақтан ұстазы бір ұрттап, өңгесін: «шөп нұрлансын», – деп жерге төгеді, босаған шөлмекті қоржынының бір басына бұлтитып салып алады. Қолын жайып, күбірлеп бата жасайды, бетін сыйпап шәкіртіне қарайды.

«Құлағыңды сал, Жалаледдин, аспанда қалқи жүзген қызыл ай, жерде көк шөп, әлемдік ұйқасқа өз жүрегінің лүпілін қосқан сансыз еркек пен ұрғашы түнгі тыныштыққа ұйып, тыңайып, жасарып оянбақшы, өміріңе сабақ болсын, баяғыдан бергі саған жұмбақ болып келген іс-қимылыңның шешуін айтайын, алдыңа жайып салайын», – деді ұстазы.

Әуелгіде күңгірлеп шала естілген ұстаз сөзі бірте-бірте құлағына анық шалынды, естіген сайын жүрегіне, бойына өзгеше күш құйылғандай жеңіл тартып, арқа-басы кеңейіп, айтып болмас әсерге бөленді, қан тамырының соғысы жиіледі. Ерекше тосын әсерге шомады, жүйке тамыры шымырлап қоя бергені.

– Жартылай жазушы – оқырман көзбояушысы, жартылай тәуіп – жан садақасы, жартылай молда – жаратқан ие алдаушысы, жартылай сопы – сайтан сыбайласы, – деп аз кідіріп аңырайып алқара аспанға қарап алды, түпсіз терең аспаннан ой маржанын бір-бірлеп үзіп отырғандай сезілді. Сөзін әріге жалғады:

– Кітабы өлмейтін жақсы жазушы болу үшін үш тағылымды ұстану керек, бейбағым. Құлағыңа құйып ал. Бірінші: жазған нәрсеңе я пендешілік құлықпен, я тіршілік қамымен өтірік сөз кіргізіп жіберуден сақ болу керек. Өтірік сөз кітабыңды өлтіріп тынады. Екінші тағылым: Жазу жазған кезінде «осыным қалай болар» деген жүрегіңнің түбін күдік шалмасын, «халық қалай қабылдайды» деген қате түсінік – көз алдыңа тұман тұтқанмен бірдей. Өмірді, өзгені, болмысты қате түсіну көз алдыңа көк тұман тұтады, ол көк тұман жүрегіңнің түбіне күдік ұялатады, күдік ұялаған жүректен жақсы өнер тумайды. Не жазсам да бұл нәрсені өзімнен басқа ешбір кісі жаза алмайды, мұны жазу өзімнің ғана талайыма жазылған, менің ғана қолымнан келеді деген ірілікпен іске кіріскен ләзім. Ірі іске кіріскенде жүрек түбінде діріл болмасын, кір қалмасын, шәкіртім. Үшінші қағида: өзін-өзі жеңе білетін мінез ғана үлкен істің үдесіне шығарады. Өзін-өзі жеңе алатын мінез – әрбір істің қазығы, бейнетқорлық – байлауы. Айнығыш мінез үлкен өнер туғыза алмайды, тау басына шығармайды, жарым жолда қалдырады. Әлгіде үшінші мәрте жұмсағанда барып өзіңді-өзің жеңе алдың. Көп мұсылман қауымы арамдық арақта дейді, арамдықты ең

Enjoying the preview?
Page 1 of 1